02 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы  №196

596 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 15 сәуір, Астана қаласы Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми веб-сайтына орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.ТАСМАҒАМБЕТОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор А.Күреңбеков 2015 жылғы 15 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаев 2015 жылғы 1 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымов 2015 жылғы 28 сәуір Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №196 бұйрығымен бекітілген Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы Р/с № Тақырыптың атауы Уақыты Өткізу нысаны 1 2 3 4 1. Кіріспе 1. Туған Отанын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті 1 сағат Дәріс 2. Азаматтық қорғаныс 2. Қазіргі заманғы зақымдау құралдары. Төтенше жағдайларда халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар. Жеке және ұжымдық қорғау құралдары 2 сағат Дәріс 3. Зілзалалар, олардың сипаты мен болжамды салдары, зілзалалар туралы халықты хабардар ету тәртібі 1 сағат Дәріс 4. Жараланған, жарақаттанған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Таңу, қан кетуді тоқтату құралдары мен тәсілдері 2 сағат Практикалық сабақ 5. Жеке қорғау құралдары. Олардың жіктелуі 2 сағат Практикалық сабақ 3. Тактикалық даярлық 6. Жалпыәскери ұрыс негізі. Оқ ату жүйесі 1 сағат Дәріс 7. Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылдары. Сарбаз шабуылда 1 сағат Дәріс 8. Сарбаз қорғаныста. Бөлімше қорғаныста 1 сағат Дәріс 4. Оқ ату даярлығы 9. Атыс қаруының материалдық бөлігі (Калашников автоматы, Макаров пистолеті, танкіге қарсы қол гранатаатқышы). Автоматты (оқшашарды) бөлшектеу және жинау 2 сағат Практикалық сабақ 10. Қару-жарақпен, оқ-дәрілермен және жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары 2 сағат Практикалық сабақ 11. Атыстың негіздері мен қағидалары 2 сағат Дәріс 12. Автоматқа техникалық қызмет көрсету және атуға дайындау 1 сағат Практикалық сабақ 5. Инженерлік даярлық 13. Бекіністі инженерлік жабдықтау және бүркемелеу 1 сағат Дәріс 14. Автоматтан, оқшашардан және гранатаатқыштан атуға арналған жеке және екі адамдық жертаса жабдықтау 2 сағат Практикалық сабақ 6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары 15. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары туралы түсінік. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жалпыәскери жарғылардың мәні. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері 1 сағат Дәріс 16. Әскери атақтар, айырым белгілері. Рота тәуліктік нарядының тағайындалуы, құрамы және қару-жарағы. Тәуліктік нарядтың міндеттері 1 сағат Дәріс 7. Әскери топография 17. Жергілікті жерлерде картасыз бейімделу және азимут бойынша қозғалу 2 сағат Практикалық сабақ Барлығы: 25 сағат Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11562 болып енгізілді.